"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ
Ресми интернет-ресурс
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға хабарламада конкурс өткізу туралы белгіленген мерзімінен кешіктірмей өтінімдерін берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалар және жеке тұлғаларға рұқсат беріледі.
Өтінімдер қабылдауы конкурстың өткізу туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2025 жылғы 31 наурыздан бастап 18 сәуірге дейін қоса алғанда өткізіледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі, 11, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша Қызылжар ауданы әкімдігінің ғимаратында 2025 жылғы 21 сәуірде, конкурстың басталуы 10 сағат 00 минутта.
Конкурсқа катысу шарттары:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырылады, өтініш берушіге тіркеу номірі міндетті тағайындалады және оған хабарлама беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2025 жылғы 21 сәуірге дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурс өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Қызылжар ауданы әкімінің www.kzh.sko.gov.kz сайтында және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» www.kzh-ozo.sko.kz сайтында, немесе 8 (715-38), 2-15-54, 2-23-42 телефон арқылы алуға болады.

Жер учаскелерінің Тізбесі

Вагулино а/о:
Лот 1. Жалпы көлемі – 102 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 101 га (б/б 57,6). Орналасқан жері 7 км Вагулино а.

Вагулино а/о:
Лот 2. Жалпы көлемі – 157 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 157 га (б/б 51,9). Орналасқан жері 7 км Вагулино а.

Вагулино а/о:
Лот 3. Жалпы көлемі – 467 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 184 га (б/б 27), табиғи шабындықтар 118 га (б/б 27). Орналасқан жері 2,5 км Красноярка а.
Виноградов а/о:
Лот 4. Жалпы көлемі – 177 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 95 га (б/б 43,9). Орналасқан жері 1,5 км Виноградовка а.

Виноградов а/о, Виноградовка ауылы:
Лот 5. Жалпы көлемі – 57 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 56,7 га (б/б 41,4). Орналасқан жері Виноградовка а.

Қызылжар а/о:
Лот 6. Жалпы көлемі – 169 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 108 га (б/б 35,8), табиғи жайылымдар 39 га (б/б 29,4). Орналасқан жері 2,1 км Байтерек а.
Куйбышев а/о:
Лот 7. Жалпы көлемі – 30 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 30 га (б/б 51). Орналасқан жері 6 км Боголюбово а.

Рассвет а/о:
Лот 8. Жалпы көлемі – 66 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 66 га (б/б 53,1). Орналасқан жері 1 км Рассвет а.