"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ
Ресми интернет-ресурс
Жер учаскелер

Жер учаскелер

Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар!

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша уданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлік Тізілімінің www/gosreestr/kz веб-порталында (бұданәрі-тізілімнің веб-порталы) 2024 жылғы 17 қазандағы 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін (жергіліктіуақытпен) жер учаскелеріне бағаны көтеру әдісімен 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жерпайдалану (жалғаалу) құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы ақпарат береді.

         Тізілім веб-порталында жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын 5 жыл мерзімге сату «Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Ереже).

         Сауда – саттықты өткізу нысаны-мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында элетрондық түрде Аукцион.

         Сауда - саттық әдісі-Ағылшын (бастапқы бағаны көтеру)

Аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып, келесі жер учаскелері (сату объектілері)қойылады:

         1. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 15-164-

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – мал шаруашылығы үй-жайларын салу үшін

Жер учаскесінің орналасқан жері – Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі, Чкалов ауылы, Жамбул көшесі

Жер учаскесінің алаңы (гектармен) –5,4 га

Құқық түрі-5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)

Жер учаскесінің шектеулері, ауыртпалықтары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген барлық экологиялық, санитарлық, құрылыс, теміржол нормаларын сақтау

 1 жылға жалдау ақысының сомасы – теңге) – 31 104

Бастапқы (бастапқы және ең төменгі) баға (теңге) –1 454 846,40

Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 218 226,96

 

        

 

2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 15-164-

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – өндірістік құрылыстар салу үшін

Жер учаскесінің орналасқан жері – Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі,Донецкое ауылы

Жер учаскесінің алаңы (гектармен) –3,0 га

Құқық түрі-5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)

Жер учаскесінің шектеулері, ауыртпалықтары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген барлық экологиялық, санитарлық, құрылыс, теміржол нормаларын сақтау

 1 жылға жалдау ақысының сомасы – теңге) – 17 280

Бастапқы (бастапқы және ең төменгі) баға (теңге) –874 374

Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 184 600

 

         Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды.

Өтінімде көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда деректерді өзгертуді жүзеге асырады.

         Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру орналастырылған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

         Сауда-саттыққа қатысушының өтінімі өтінімде көрсетілген қатысушылардың (сатып алушының) шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, веб-порталдың арнайы бөлінген бетінде электрондық конвертке жүктелетін сауда-саттық шарттарымен қатысушының келісімін және баға ұсынысын қамтиды.

         Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерінен электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады.

         Егер сауда-саттық объектісін осындай тұлғаларға беруге Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес тыйым салынған жағдайда, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел қатысатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, сондай-ақ қандастардың құжаттары сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеу үшін қабылданбайды.

         Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда – саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) % - ын құрайды, бірақ кемінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) және 30 (отыз) мың АЕК-тен аспайды.

         Кепілдік жарнаны Сауда-саттықты ұйымдастырушы қабылдайды және ұйымдастырушының деректемелеріне енгізеді: «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БСН: 050540004455.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; ТТК: 171; Кбе:16.

         Өтінімде көрсетілген деректер мемлекеттік дерекқорлардан және ақпараттық жүйелерден автоматты режімде алынбаған жағдайда қатысушы деректерді дербес енгізеді, сондай-ақ өтінімге растайтын құжаттарды қоса береді.

         Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал веб-порталда көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

         Өтінімі тіркелген және қабылданған қатысушыға веб-портал аукциондық нөмір береді.

         Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттыққа қатысу кезінде мәлімделген талаптарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасу үшін Сауда-саттықты сатып алушының кепілдік жарнасы қамтамасыз ету болып табылады.

         Конкурс жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

         Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда қол қояды.

         Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз бен сатушы арасындағы жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері мен шарттарын белгілейтін құжат болып табылады.

         Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты және жер учаскесін жалдау шарты электрондық форматта веб-порталда жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.

         Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

         1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) % - ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;

        2) қалған сома жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізіледі.

         Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына және жер учаскесін жалдау шартына белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы веб-порталда қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы сауда-саттық объектісі күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

         Сатып алушы түпкілікті төлемді төлеу жөніндегі шарттарды мерзімінде орындамаған жағдайда, Сатып алушы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жер учаскесі үшін сома төленуге тиіс күннен бастап төлем жүргізілген күнге дейін мерзімі өткен мерзім үшін өсімпұл (тұрақсыздық айыбын) төлейді.

         Анықтама телефоны: 8(71536)2-26-97