Ақпараттық хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылық тағайындауға арналған жер телiмдерiне (жалға алу) уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Конкурсқа қатысу үшiн, өтiнiмдi ресiмдеген Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, сонымен қатар шетелдiк азаматтар, азаматтық алмаған тұлғалар және шетелдiк заңды тұлғалар 2018 жылдың 11 мамырдан 2018 жылдың 11 маусымы мерзiмiнде жергiлiктi уақыттың 18-00 дейiн қолмен немесе пошта арқылы мына мекенжай бойынша бере алады: Солтүстiк Казақстан облысы Тайынша ауданы, Тайынша қ., Қазақстан Конституциясы көшесi № 206, «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ

Конкурстың шарттары:

1.Конкурстың қатысушы ретiнде тiркелу үшiн келесi құжаттарды ұсыну қажет:

1) мәлiметтер түрiнде ауыл шаруашылығына арналған жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiм;

2) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат.

3. конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген, заңды тұлға болып саналатын, қатысушымен ұсынылатын жер телiмдерiн пайдалану бойынша (конкурстық өтiнiм) ұсынысында болу керек:

1)қатысушымен берiлетiн бизнес-жоспар немесе еркiн түрде жер телiмiн пайдаланатын өндiрiстiк бағдарлама;

2) заңды тұлғаның мөрiмен, қол қоюға құқығы бар тұлғаның немесе бiрiншi басшының қолымен еңбек өтiлi және олардың бiлiктiлiгi көрсетiлген тиiстi ауыл шаруашылық саласында екi маманнан кем емес кәсiпорын штатында бар туралы анықтаманың түпнұсқасы;

3) (заңды тұлғаның мөрiмен, қол қоюға құқығы бар тұлғаның немесе бiрiншi басшының қолымен) ауыл шаруашылық мәдени өсiмдiктердi өңдеу үшiн қажеттi ауыл шаруашылық машиналардың бары туралы анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) шарттың көшiрмесi (ниет бiлдiрген хаттамалар) оларды алуға (жалға, сатып алу қызметтерi және одан әрi);

4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген, жеке тұлға болып саналатын, қатысушымен берiлетiн, жер телiмiн пайдалану бойынша (конкурстық өтiнiм) ұсыныста болу керек:

1) ауыл шаруашылық мәдени өсiмдiктердi өңдеу үшiн қажеттi ауыл шаруашылық машиналардың бары туралы қатысушымен берiлетiн бизнес-жоспар немесе еркiн түрде жер телiмiн пайдаланатын өндiрiстiк бағдарлама және (немесе) шарттың көшiрмесi (ниет бiлдiрген хаттамалар) оларды алуға (жалға, сатып алу қызметтерi және т.б. одан әрi);

2) ауыл шаруашылық саласында еңбек өтiлi және еңбек қызметi жөнiнде мәлiметтерi көрсетiлген өмiрбаяны немесе бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi (егер ол бар болса).

3. Жер телiмдерiн пайдалану бойынша ұсыныста (конкурстық өтiнiмде) конкурсқа қатысушыда осы көрсетiлген құжаттар болмаса, конкурстық өтiнiмдi қайтаруға негiз болып саналады.

4. Қатысушы ұсынысын (конкурстық өтiнiмдi) конвертке салып жабады конверттiң сыртында атауын және мекенжайын көрсетедi;

Конкурсты ұйымдастырушыны және оның мекенжайын, сонымен қатар, 2018 жылдың «11» маусымның сағат 18.00 дейiн «АШЫЛМАСЫН» деген жазбаны жазады.

Жер телiмдерiн пайдалану бойынша талаптар және негiзгi шарттар

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртiпте және оның мақсатты тағайындауымен сәйкес, жердi пайдалану;

2) өндiрiстiң табиғатты қорғайтын технологиясын қолдану;

3) өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде экологиялық жағдайдың төмендеуiнен және қоршаған табиғи ортаға зиян келтiрудi жiбермеуден, жерлердi су және жел эрозиясынан, тозудан, жерлердiң шөлейттенуi мен жұтаңдануынан, батпақтанудан, екiншi рет тұздалуынан, құрғақшылықтан, түйiршiктенуден, өндiрiстiк қалдықтармен химиялық, биологиялық, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттармен ластануынан, басқа бұзушылық процестермен, өсiмдiктiң ауруларымен және карантиндiк зиянкестiктермен ауыл шаруашылық жерлердiң жұқпалылығынан, арамшөптердiң өсуiнен, бұтақтармен, ұсақ ағаштармен, нашарлаудың өзге де түрлерiнен жерлердiң жағдайын қорғауға бағытталған iс шараларды жүргiзу.

4) Ауданды дамыту бойынша әлеуметтiк — экономикалық бағдарламаларға және басқа да мемлекеттiк бағдарламаға қатысу;

5) Жер телiмi орналасқан ауылдық округтiң әлеуметтiк өмiрiне қатысу;

6) Қолданыстағы заңнамамен қарастырылған, жерлердi қорғау бойынша iс шараларды жүзеге асыру және топырақтың құүнарлылығын көтеру;

7) Жалгерлiк төлемдi уақтылы төлеу;

8) Жануарлар әлемiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды, мемлекетпен қорғалатын тарихи ескерткiштердi, сәулет және басқа обьектiлер орналасқан жерлердi пайдалану тәртiбiн сақтау;

9) Жер телiмiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыстық, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтау;

10) қолданыстағы жер заңнамамен бекiтiлген жерлердi пайдалану және жағдайы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беру;

11) топырақтың құнарлылығының қайта жоғалуын болдырмау үшiн, осындай алу қажет болған жағдайдан басқа, сату немесе басқа тұлғаларға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатының алынуын жiбермеу;

12) өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде экологиялық жағдайдан және жерлердiң сапасының төмендеуi жағдайындағы шығындарды толық көлемде өтеу;

13) ҚР Жер кодексiне сәйкес, сервитуттарды берудi қамтамасыз ету;

Қатысушыларға берiлген, жер телiмдерiн пайдалану бойынша өтiнiмдердiң ашылуы 2018 жылдың 12 маусымында сағат 11-00 жүргiзiлетiн болады. 2018 жылдың 14 маусымында ауыл шаруашылығына арналған жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижесi қорытындылатын болады.

Конкурстың өту тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкiмiнiң сайтында www.tsh.sko.gov.kz, «СҚО Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ www.ozo-tsh.sko.kz, немесе 8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады. Мекенжайы: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Қазақстан Конституциясы к., 206

Лот № Жер телімінің қысқаша сипаттамасы алаңы, га жалға алу мерзімі, лет Жер телімінің орналасқан жері
1 Егістік: № 1 егіс даласы -210 га, №2 -221 га, №3 – 308 га, №4-279 га, жақсартылған жайылым 4 шаб.- 1га., шаб.2 – 4 га., 2 шаб. – 18, 3 шаб - 75 га., шаб. 1 – 5 га., жақсартылған жайылым 1-1 – 45 га., 8-1 – 156 га, 8-2 – 47 га., бұталар - 1 га., жолдар – 5 га. 1375 10 жыл Амандық ауылдық округі
2 Егістік: № 33 егіс даласы -330 га., № 34-349 га., жолдар 2 га. 681 10 жыл Рощинск ауылдық округі
3 Егістік: №5 егіс даласы – 31 га. 31 10 лет Келлер ауылдық округі
4 Егістік: №21 егіс даласы - 29 га. 29 10 жыл Келлер ауылдық округі
5 Егістік: №6 егіс даласы – 422 га. 430 10 жыл Алабота ауылдық округі
6 Егістік: №4егіс даласы – 39 га, жақсартылған жайылым № 4-2 егіс – 56 га, табиғи жайылым шаб. – 1 га., жолдар - 1 га 97 10 жыл Алабота ауылдық округі
7 Егістік: № 59 егіс даласы -2 – 64 га., орман алқаптары - 2 га. 66 10 жыл Тихоокеан ауылдық округі
8 Егістік: № 57 егіс даласы – 42 га. 42 10 жыл Тихоокеан ауылдық округі
9 Егістік: № 47 егіс даласы – 25 га 25 10 жыл Тихоокеан ауылдық округі
10.05.2018
Қаралым саны: 1220
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz