Мекеменің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Үлгілік ереже 2017

  1. Жалпы ереже

1. «Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тайынша ауданы аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, пошта индексі 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206.

10. Коммуналдық мемлекеттік органның толық атауы - мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Отдел земельных отношений акимата Тайынша района Северо-Казахстанской области».

11. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатынан жүзеге асырылады.

13. «Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жер қатынастары бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы Тайынша ауданы аумағында жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

15. Міндеттері:

Тайынша ауданы аумағында жер қатынастары саласында бірыңғай саясат жүргізу және жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғау.

16. Функциялар:

Саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жер қатынастарын реттеу;

иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

кадастрлық (бағалау) құнын нақты жер учаскелерінің мемлекет жеке меншікке сататын;

жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жерге орналастыру жобаларын бекіту жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі;

жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

жүргізуді ұйымдастыру, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар);

аудан жерлерінің балансын жасау;

жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша     

өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына деректер бойынша ақпарат бере отырып, пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау;

облыстың, ауданның өкілді және атқарушы органдарымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен» жерді пайдалану және қорғау, жер реформасын жүргізу» өзара іс-қимыл жасау;

жеке және заңды тұлғалардың жер мәселелері жөніндегі ауызша және жазбаша өтініштерін қарау, жер заңнамасын түсіндіру бойынша консультациялар беру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары мәселелері бойынша мүдделерін білдіру;

 Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды орындау.

17. Құқықтары мен міндеттері:

бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан сұрату және алу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды атқарушы органдардың қарауына енгізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру, басшының өкілеттігі

18. «Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

21. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

басшы «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, дербес жауапты болады;

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

барлық ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

заңдарда белгіленген реттер мен шектерде мүлікке билік етеді;

шарттар жасайды;

сенімхаттар береді;

банк шоттарын ашады;

мекеменің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді және оған өзгерістер енгізеді, жалақы қоры шегінде лауазымдық айлықақылар белгілейді;

аудан әкімі тағайындағаннан басқа, «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

Мақаланы құрған күні 26.03.2018 16:05

Мақаланы жаңартқан күні 28.07.2021 12:40

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz