Ақпараттық хабарлама

Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкiмдiгi конкурс жариялайды

Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргiзу немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» бойынша конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарлайды.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурс 2020 жылы 28 мамырда 15 сағат 00 минутта Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уалиханов көшесi, 1 мекен-жайы бойынша Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында 1-қабатта әкiмдiктiң мәжiлiс залында өтедi.

Жергiлiктi атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау 2020 жылғы 05 мамырдан бастап 2020 жылғы 27 мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанша берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;

2) жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;

3) өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Өтiнiмде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосып жазулар болмауы тиiс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейiн ашуға болмайды" (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.

Жер кодексiнiң 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнен бас тартылады.

Қатысушы өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң өтiнiмiн өзгерте немесе керi қайтара алады. Өзгерiс өтiнiм сияқты дайындалады, мөрленедi және ұсынылады. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

Өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

Жер комиссиясы барлық өтiнiмдердi олардың сәйкестiгi, толықтығы, есептемелердегi қателiктердiң, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейдi, сондай-ақ, жалпы рәсiмдеудiң дұрыстығын тексередi, конкурстық ұсыныста көсетiлген бизнес-жоспар, оның iшiнде, инвестициялардың болжамды көлемi бойынша балл беру жолымен өтiнiмдердi бағалайды, салыстырады.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Жеңiмпаз қабылдаған конкурстық ұсыныста көрсетiлген мiндеттемелер ауыл шаруашылығы жерлерiнiң пайдаланылуына Жер кодексiнiң 43-1-бабының 20-бабына сәйкес жүргiзiлетiн мониторинг барысында тексерiледi.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 28 мамырда шығарылады.

Конкурстық өтiнiмдер «Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ 2020 жылғы 27 мамыр сағат 18.30-дан кешiктiрмей мына мекен-жай бойынша: 151100, СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесi, 1 үй қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі (DOC 79 Kb)

01.04.2020
Қаралым саны: 1335
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz