Хабарлама

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімідігі 49 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімідігінің жер қатынастары бөлімі» КММ хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2019 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 18 қазаны сағат 18:30 дейін қоса өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Конкурстың соңғы күні нәтижесі шығарлыған күні болыпсаналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәліханов көшесі, 44, 1-қабат, кіші отырыс залы мекенжайы бойынша, 2019 жылдың 21 қазаны сағат 10:00 минутта өтеді.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс Қазақстан Респубиликасының Жер Кодексінің 43-бабы 2-тармағына сәйкес жер комиссиясымен өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
  2. жеке тұлғалар үшін — өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
  3. өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін — бірінші басшысының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2019 жылғы 21 қазанына дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Талаптарға сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелері 2019 жылдың 21 қазан айында шығарылады.

Конкурстың өту тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Айыртау ауданы әкімінің сайтында airtau.sko.gov.kz, «СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ ozo-airtau.sko.gov.kz, немесе 8 (71533) 21-805, 21-723 тел. бойынша алуға болады. Мекенжайы: СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл а., Ш. Уәліханов к., 42

2019 жылы конкурсқа қойылатын Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының бос жер телімдерінің тізбесі

Лот
Лоттың сипаттамасы (алаңы №) Алаңы (га) Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы (б/б) Жалға алу мерзімі, жыл Жер учаскесініңорналасқан жері
Володар ауылдық округі
1 1 19-1, 19-2, 63 70 Тыңайма — 60 га, б/б 39,7; Жайылымдар — 9 га, б/б 37,6; Жолдар — 1 га, б/б 39,4 49 жыл Володар а/о
Барлығы — 70 га: тыңайма — 60 га; жайылым 9 га; жолдар — 1 га
Имантау ауылдық округі
2 2 8 23 Жақсартылған жайылымдар — 23 га, б/б 16,7 49 жыл Имантау а/о
3 3 11-9, 2-7 91 Жайылымдар — 91 га, б/б 43,5 49 жыл Имантау а/о
4 4 57, 6-3, 6-4, 33-1. 431 Жайылымдар — 57 га, б/б 13,9; Жақсартылған жайылымдар — 373 га, б/б 20,8; Жолдар — 1 га, б/б 19,9 49 жыл Имантау а/о
5 5 52, 7-5, 7-7, 7-6. 166 Жайылымдар — 85 га, б/б 20,8; Жақсартылған жайылымдар — 80 га, б/б 35,2; Жолдар — 1 га, б/б 27,8 49 жыл Имантау а/о
6 6 21, 15-10 31 Жайылымдар — 31 га, б/б 48,4 49 жыл Имантау а/о
Барлығы — 742 га: жайылым — 740 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар — 476 га, жолдар — 2 га
Антонов ауылдық округі
7 7 Кос, 41-3, 91 кос, 90 кос, 41-2, кос 1, 41-1 280 Жайылымдар — 277 га, б/б 43,5; Батпақты жер — 2 га, б/б 15,0; Жолдар — 1 га, б/б 43,5 49 жыл Антонов а/о
8 8 12-4, 12-5, 16-5, кос, Г-7, 16-4, Г-8. 551 Жайылымдар — 544 га, б/б 12,6; Батпақты жер — 5 га, б/б 14,9; Жолдар — 2 га, б/б 12,6 49 жыл Антонов а/о
9 9 31-8, 33-2, 32-2*, 32-2, 32-1, 70 кос, кос, 3-2 127 Тыңайма — 50 га, б/б 60,4; Жайылымдар — 75 га, б/б 66,9; Жолдар — 1 га, б/б 63,8; Басқа жер — 1 га, б/б 0 49 жыл Антонов а/о
10 10 Г-9 249 Жайылымдар — 245 га, б/б 2,1; Батпақты жер — 4 га, б/б 14,9 49 жыл Антонов а/о
11 11 Г-10 243 Жайылымдар — 243 га, б/б 4,5 49 жыл Антонов а/о
12 12 18-3,18-5,18-2, 39-2, 4-2, кос, 18-1 300 Жайылымдар — 298 га, б/б 50,8; Жолдар — 1 га, б/б 50,8; Басқа жер — 1 га, б/б 0 49 жыл Антонов а/о
Барлығы — 1750 га: тыңайма — 50 га, жайылым — 1682 га, батпақты жер — 11 га, жолдар — 5 га, басқа жер — 2 га
Қамсақты ауылдық округі
13 13 5-2, 59-2, 35, 5 мат, 3 мат, 6 мат, 4 мат. 520 Жайылымдар — 429 га, б/б-13,9; Батпақты жер — 40 га, б/б 11,3 Су асты — 46 га, б/б 0; Жолдар — 3 га, б/б 13,9; Басқа жер — 2 га, б/б 0 49 жыл Қамсақты а/о
Барлығы — 520 га: жайылым — 429 га, батпақты жер — 40 га, су асты — 46 га, жолдар — 3 га, басқа жер — 2 га
Константинов ауылдық округі
14 14 1, 11-4,11-5. 183 га Жайылымдар — 154 га, б/б 31,0; Жақсартылған жайылымдар — 28 га, б/б 24,9; Жолдар — 1 га, б/б 30 49 жыл Константинов а/о Матвеевка а.
15 15 Г-3 кор,8-3. 153 Жайылымдар — 131 га, б/б 32,3; Жақсартылған жайылымдар — 16 га, б/б 42,9; Су асты — 2 га, б/б 0; Басқа жер — 4 га, б/б 0 49 жыл Константинов а/о
Барлығы — 336 га: жайылым — 329 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар — 44 га, жолдар — 1 га, су асты — 2 га, басқа жер — 4 га
Айыртау ауданы бойынша барлығы 3418 га: тыңайма — 110 га, жайылымдар — 3189 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар — 520 габатпақты жер — 51 га, су асты — 48 га, жолдар — 12 га, басқа жер — 8 га.

Ескертпе: жер учаскелерінің топырағының сапалық сипаттамасы және сумен қамтамасыз етілуі жоқ.

03.09.2019
Қаралым саны: 1428
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz