Хабарлама

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының әкiмiдiгi 10 жыл мерзiмге мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Хабарламаның (хабарлама) бiрiншi жариялымынан күнтiзбелiк отыз күн кезеңi бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 15 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2020 жылдың 15 маусыманаң бастап 2020 жылдың 03 шiлдесi сағат 18 00 дейiн қоса өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады. Конкурстың соңғы күнi нәтижесi шығарлыған күнi болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

Конкурстың өтетiн орны және күнi, уақыты: Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында Солтүстiк Қазақстан облысы, Есiл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесi, 10, 1-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша, 2020 жылдың 07 шiлдесi сағат 15 00 минутта өтедi.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс Қазақстан Респубиликасының Жер Кодексiнiң 43-бабы 2-тармағына сәйкес жер комиссиясымен өткiзiледi.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанша берiледi.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде Жер кодексiнiң 43-1-бабының 9-тармағында көрсетiлген мәлiметтер қамтылуы тиiс.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшысының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және «_______ жылғы _____________ «____» дейiн ашуға болмайды» (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.

Талаптарға сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелерi 2019 жылдың 07 шiлде айында шығарылады.

Конкурстың өту тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Есiл ауданы әкiмiнiң сайтында esl.sko.gov.kz, «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ ozo-esl.sko.kz, немесе 8 (71543) 2-16-91, 2-15-65 тел. бойынша алуға болады. Мекенжайы: СҚО, Есiл ауданы, Явленка а., Ленин к., 20.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру байынша конкурсқа шығарылған бекiтiлген, келiсiлген жер учаскелерiнiң тiзiмi (ZIP 19 Kb)

15.05.2020
Қаралым саны: 1281
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz