Хабарлама

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімідігі 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2019 жылдың 25 қарашадан бастап 2019 жылдың 18 желтоқсаны сағат 18 00 дейін қоса өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Конкурстың соңғы күні нәтижесі шығарлыған күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10, 1-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша, 2019 жылдың 19 желтоқсаны сағат 15 00 минутта өтеді.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс Қазақстан Респубиликасының Жер Кодексінің 43-бабы 2-тармағына сәйкес жер комиссиясымен өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
  2. жеке тұлғалар үшін — өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
  3. өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшысының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «_______ жылғы _____________ «____» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Талаптарға сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелері 2019 жылдың 19 желтоқсан айында шығарылады.

Конкурстың өту тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Есіл ауданы әкімінің сайтында esl.sko.gov.kz, «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ ozo-esl.sko.kz немесе 8 (71543) 2-16-91, 2-15-65 тел. бойынша алуға болады. Мекенжайы: СҚО, Есіл ауданы, Явленка а., Ленин к., 20.

Конкурсқа шығарылатын жер телімдердің тізілімі

Жер телімінің, лоттын № Жер телімінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың түрі және құрамы) Жер телімінің балл бонитеті, сапалық сипаттамасы алаңы, га Жалға алу мерзімі,жыл Жер телімінің орналасқан жері
  2 3 4 5 6
1 егістік 10 га Қара топырақ 46,3 10 10 Петровка а/о
2 көпжылдық көшеттер 3 га, табиғи жайылымдар 8 га, жақсартылған жайылымдар 579 га, бұталар 2 га, орман алқаптары 2 га, су асты 15 га, жолдар 7 га Қара топырақ 27,1 616 10 Петровка а/о
3 егістік 36 га Қара топырақ 53,8 36 10 Петровка а/о
4 егістік 43 га,табиғи жайылымдар 13 га Қара топырақ 49,6 56 10 Петровка а/о
5 егістік 13 га Қара топырақ 54,1 13 10 Петровка а/о
6 егістік 50 га Қара топырақ 50,9 50 10 Петровка а/о
7 егістік 53 га табиғи жайылымдар 1 га Қара топырақ 54,1 54 10 Петровка а/о Петровка а.
8 егістік 200 га, жолдар 1 га Қара топырақ 59,8 201 10 Ясновка а/о
9 егістік 275 га, орман алқаптары 3га, жолдар 1 га. Қара топырақ 36,3 279 10 Корнеевка а/о
10 табиғи жайылымдар 83 га, жақсартылған жайылымдар 16 га, жолдар 1 га Қара топырақ 55,9 100 10 Корнеевка а/о Советское а.

Ескертпе: Жер учаскілерінің су мен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілмеген.

28.10.2019
Қаралым саны: 1319
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz